diff --git a/src/content/pages/kk/index.md b/src/content/pages/kk/index.md
new file mode 100644
index 0000000..b9290a5
--- /dev/null
+++ b/src/content/pages/kk/index.md
@@ -0,0 +1,77 @@
+---
+title: "Android-ды ашық сақтайық"
+lang: kk
+description: "Android еркін әрі ашық платформа болып қала берсін, кез келген адам қосымша жасай алсын деп қолдаймыз."
+
+# localizable sections for the footer text
+contact_header: "Байланыс"
+contact_email: "Электрондық пошта"
+site_problems_header: "Мәселелер"
+site_report_issues: "Сайт мәселелерін хабарлау"
+site_disclaimer: "**Ескерту**: Бұл сайтты қоғамдастық жүргізеді, коммерциялық мақсаты жоқ. Тек хабардар ету мен білім беру үшін жұмыс істейді."
+site_privacy: "**Құпиялылық**: Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланбайды, пайдаланушыларды бақыламайды және деректерін жинамайды."
+site_copyright: "**Авторлық құқық**: Жоқ. Бұл жұмыс қоғамдық меншікке берілген:"
+
+open_letter_cta: "Android әзірлеушілерді тексеру бағдарламасына қарсы ашық хатымызды оқыңыз"
+---
+
+2025 жылдың тамыз айында Google [хабарлады](https://developer.android.com/developer-verification):
+2026 жылдың қыркүйегінен бастап Google-ге алдын ала тіркелмеген адам Android платформасына
+қосымша жасай алмайды.
+
+Тіркелгіңіз келсе, мынаны талап етеді:
+
+- Google-ге ақы төлеу
+{:.li-list .li-money}
+- Google-дің Пайдалану шарттарымен келісу
+{:.li-list .li-terms}
+- Мемлекеттік куәлік ұсыну
+{:.li-list .li-id}
+- Әзірлеушінің жеке қолтаңба кілтінің дәлелін жүктеу
+{:.li-list .li-signing}
+- Барлық ағымдағы және болашақ қосымша идентификаторларын тізімге енгізу
+{:.li-list .li-appids}
+
+## Бұл сіздің құқықтарыңызға не білдіреді
+
+➤ Сіз, **тұтынушы**, Android құрылғыңызды "бұл ашық платформа, қалаған бағдарламаңды орнат" деген уәдеге сеніп сатып алдыңыз. Google болса келесі жылдан бастап сіздің келісіміңізді сұрамай-ақ жүйеңізге жаңарту жіберіп, бұл құқықты біржола жауып тастамақ. Қай бағдарламаға сенуге «рұқсат» — соны енді олар өздері шешеді.
+
+➤ Сіз, **әзірлеуші**, енді Google алдын ала рұқсат бермесе, қосымша жасап достарыңызбен, отбасыңызбен, қоғамдастықпен бөлісе алмайсыз.
+
+Android iPhone-нан өзін "ашықпын" деп ерекшелендіріп, осымен мақтанып келді. Бірақ Google экожүйені қолына алып, реттеуші органдарды да иіп алғанын білгесін, бұл қағиданы ұялмай-қызармай лақтырып тастауға дайын.
+
+➤ Сіз, **мемлекет**, азаматтарыңыздың құқықтары мен цифрлық егемендігіңізді авторитарлық режимдер талап еткенде заңды қосымшаларды сотсыз жойып тастайтын компанияға тапсырып отырсыз.
+
+Бизнесіңіз бен мемлекеттік мекемелеріңіз үшін өте маңызды бағдарламалар алыстағы, ешкімге жауап бермейтін компанияның ырқында қалады.
+
+
+
+### Жаңарту: Google әзірлеушілерді тексеруден **бас тартқан жоқ** {#clarification}
+
+Google бір [жерде](https://android-developers.googleblog.com/2025/11/android-developer-verification-early.html) «тәжірибелі пайдаланушылар тексерілмеген бағдарламаларды өз тәуекелімен орната алады» деген тұманды «кеңейтілген ағынды» айтып өтті. Бірақ [бағдарлама сипаттамасында](https://developer.android.com/developer-verification) әлі де анық жазулы тұр:
+
+> 2026 жылдың қыркүйегінен бастап Android сертификатталған Android құрылғыларына орнатылуы үшін барлық қосымшалардың тексерілген әзірлеушілер тарапынан тіркелуін талап етеді
+
+Тексеруді қиындықсыз айналып өтуге болатынын көрсетпейінше, ресми бетінде жазғанына сенуіміз керек: тіркелмеген әзірлеушілердің **барлық** қосымшалары шектеу күшіне енген кезде **бұғатталады**.
+
+
+
+## Қалай көмектесе аласыз {#help}
+
+### Қарсы тұрыңыз және бас тартыңыз {#developers}
+
+Егер сіз қосымша әзірлеуші болсаңыз, ерте қол жеткізу бағдарламасына _**тіркелмеңіз**_, жеке куәлігіңізді тексертпеңіз және Android Developer Console шақыруларын қабылдамаңыз. Кез келген шақыруға сыпайы, бірақ неге қарсы екеніңізді ашық жазып жауап беріңіз.
+
+Таныс әзірлеушілер мен ұйымдарды бағдарламаға тіркелуден тоқтатыңыз.
+
+—— _Олардың бұл басып алу жоспары тек әзірлеушілер бас иіп, мойынсұнған жағдайда ғана жүзеге асады._ ——
+
+## Барлығына: дауысыңызды естіртіңіз {#everyone}
+- Android құрылғыларыңызға [F-Droid орнатыңыз](https://f-droid.org). Балама қосымша дүкендерін пайдаланатын адамдар көбейген сайын, оларды жабу да қиындай түседі.
+- Google-ге тікелей пікір білдіріңіз — [Android әзірлеушілерді тексеру талаптары сауалнамасын](https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfN3UQeNspQsZCO2ITkdzMxv81rJDEGGjO-UIDDY28Rz_GEVA/viewform?pli=1) толтырыңыз.
+- Әлеуметтік желілер мен блог жазбалары арқылы дауысыңызды естіртіңіз және https://keepandroidopen.org сайтына сілтеме беріңіз.
+- Жалған қолдауға қарсы тұрыңыз: форумдар мен әлеуметтік желілерде осы саясатты қолдайтын күмәнді жазбаларды ("Ал, шын мәнінде…") кездестірсеңіз, оларға қарсылық білдіріңіз.
+- Бұл жобаға [осы бетті пайдалы ақпаратпен толықтырып](https://github.com/keepandroidopen/keepandroidopen.github.io/blob/main/src/content/pages/kk/index.md) көмектесіңіз.
+
+### Мына петицияларға қол қойыңыз
+- [Осы change.org петициясына қол қойыңыз](https://www.change.org/p/stop-google-from-limiting-apk-file-usage)
diff --git a/src/i18n/config.ts b/src/i18n/config.ts
index e36dc6c..847ef73 100644
--- a/src/i18n/config.ts
+++ b/src/i18n/config.ts
@@ -23,8 +23,11 @@ export const languages = {
"uk": { label: "Українська", path: "/uk/" },
"hu": { label: "Magyar", path: "/hu/" },
- // Middle Eastern
+ // Turkic & Central Asian
"tr": { label: "Türkçe", path: "/tr/" },
+ "kk": { label: "Қазақша", path: "/kk/" },
+
+ // Middle Eastern
"ar": { label: "العربية", path: "/ar/" },
"fa": { label: "فارسی", path: "/fa/" },